Жарылысқа тышқан кінәлі
Жарылысқа тышқан кінәлі
2 жыл бұрын 806

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Корфаккан шығыс портында азиялық ас мәзірін ұсынатын асханада газ балоны жарылып, тағам дайындап жатқан үш адам жарақат алды. Полиция бұл төтенше оқиғаға тышқанды кінәлап отыр. Араб тілінде жарық көретін Alittihad апталық басылымының хабарлауынша, тышқан гааз балонын кеміріп, соның нәтижесінде ақау пайда болған. Бұл өз кезегінде жарылысқа апарып соқтырды.  

0 пікір