Жар жағасында тұрған қыл үстіндегі өмір (видео)
Жар жағасында тұрған қыл үстіндегі өмір (видео)
6 жыл бұрын 4028 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Англияның шығысында орын тепкен Норфолк графтығына қарасты Хемсби шағын елді-мекеніне теңіз тікелей қауіп төндіріп, ішкерлей дендеп келеді. Дәлірегі, жағалаудағы жарды омырып, баспаналарды су шайып кетіп жатыр. Тіпті, бір күнде оннан аса адамның баспанасынан айырылғаны бар. Теңізге терезесі қараған жағалаудағы үйді 40 мың фунтқа сатып алған жергілікті тұрғынның да үйін су астында қалған. Бір өкініштісі, жергілікті тұрғындар петиция ұйымдастырса да билік жағалауды бекітуге қыруар қаржы кететінін желеу етіп, қолұшын берер емес. 

 

0 пікір
Мұрағат