Жапония мен Оңтүстік Корея ядролық қаруға ие болуы мүмкін
Жапония мен Оңтүстік Корея ядролық қаруға ие болуы мүмкін
7 жыл бұрын 3706 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті, Lintao Zhang / AP

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Корей халық демократиялық республикасы тарапынан ұлғайып келе жатқан қауіпке байланысты Жапония мен Оңтүстік Кореяның өз ядролық қаруы болуы мүмкін екенін жоққа шығармады. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы бұл мәлімдемесін наурыздың 17-і күні Fox News басылымына берген кезде жасады.

«Біз пікір алмасудамыз. Әзірге бірде-бір нұсқа күн тәртібінен алынған жоқ»,- деді ол.

Өзінің сөзін Independent Journal Review басылымына түсіндірген кезде дипломат болашақты болжау мүмкін еместігін алға тартты. Айта кетейік, Рекс Тиллерсон Оңтүстік Кореяға наурыз айының 17-і күні ресми сапармен келген болатын. Ол аталған елдің сыртқы істер министрі Юн Бён Семен келіссөз жүргізіп, КХДР билігін жаппай қырып-жоятын қарудан бас тартуға шақырды және сонда ғана экономикалық өркендеуге қол жеткізетініне уәде етті.

Тағы бір айта кететін жайт: КХДР наурыздың 6-ы күні Жапония жаққа орташа қашықтықтағы төрт бірдей баллистиаткалық зымыранын жіберген болатын. Олардың біреуі жапондардың экономикалық аймағына таман құлаған. КХДР билігі баллистикалық зымыранды сынап көрудег мақсатын Жапониядағы америкалықтардың әскери базасына соққы беру мүмкіндігін байқап көрумен байланыстырып түсіндірген еді.

0 пікір
Мұрағат