Жапондар әскери шығынын жанталаса арттыруда. Неге?
Жапондар әскери шығынын жанталаса арттыруда. Неге?
7 жыл бұрын 3221 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жапонияның әскери бюджеті алдағы жылы, дәлірегі, 2018 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап, осы елдің тарихында тұңғыш рет рекордтық көрсеткішке жетпек. Күншығыс елінің қорғаныс министрлігі әскери шығындар үшін 5,25 трлн иен (48,2 млрд доллар шамасында) қаржы бөлуді сұрамақ. Бұл сома өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,5%-ға көп. Аталған аралда орналасқан елдің қорғанысқа осынша қыруар қаржы бөлуін Корей түбігенідегі зымырандық-ядролық бағдарламаның жүзеге асырылуымен байланысты түсіндіруге болады. Қорғанысқа бөлінетін мол қаржының бір бөлігі АҚШ-тан зымыранға қарсы Aegis Ashore кешенін сатып алуға жұмсайды. Айта кетейік, Қытаймен, сондай-ақ, ресейліктермен жер дауы бар әрі корей түбегіндегі саяси және әскери ахуалға байланысты Жапония жыл сайын қорғанысқа арналған әскери шығындарын тұрақты түрде арттырып келе жатқан елдердің бірі. Аталмыш елдің биылғы әскери шығыны 5,13 трлн иенді (яғни, 44 млрд долларға жете-қабыл) құрады. 

0 пікір
Мұрағат