Жапа шеккен палестиналықтар (фото)
Жапа шеккен палестиналықтар (фото)
9 жыл бұрын 3450

Өткен жылы Газа секторында Израилдің «Мызғымайтын жартас» әскери жорығы кезінде жеті аптаға созылған соғыстың ауыр зардаптары мен салдарын таспаға тартып алған Ресей фотографы Сергей Пономаревтың  фото-суреттерін назарларыңызға ұсынамыз. Белгілі «Associated Press» ақпарат көзінде табаны күректей 10 жыл жұмыс істеген тәжірибелі фотографтың оқ пен оттың ортасында жүріп, таспаға тартып алған бұл суреттер топтамасы World Press Photo жүлдесіне ие болды. 

Газа секторының оңтүстігінде орын тепкен Хан-Юнис қаласына жасалған шабуыл кезінде қаза тапқан әкелерін жоқтаған ағайындылар

Мысырмен арадағы шекара маңындағы Рафа қаласы. Израил әскерилері тұрғын үйлерді зымырандармен атқылауда

Дәрігерлердің айтуынша, бұл әскери операция кезінде 10 мыңнан аса адам жарақат алған.

Ресми мәліметке қарағанда, Израилдік басқыншылықтан 2100-ден аса адам қаза тапқан. Олардың шамамен жетпіс пайызы бейбіт тұрғындар.

2014 жылдың тамыз айының 2-і күні әуе шабуылынан жермен-жексен болған мешіттің орны. Осы әскери операция кезінде Израил тарапынан алты бейбіт тұрғын мен 67 сарбаз қаза тапқан. 

Израилдің шабуылынан бас сауғалаған палестиналықтар мектепті паналады

Әл-Шипа емханасы. Жараланған бала

1 пікір
Мұрағат