Жануарлар әлемі: Зообақтағы маймыл дронды таяқпен ұрып құлатты (видео)
Жануарлар әлемі: Зообақтағы маймыл дронды таяқпен ұрып құлатты (видео)
9 жыл бұрын 4632

Нидерландыдағы хайуанаттар бағының маймылдары төбелерінде ұшып жүрген шағынұшақты таяқпен қағып құлатқан. Дронды жануарлар туралы фильм түсіру мақсатында жергілікті телеарна арнайы ұшырған болатын. Осыған байланысты түсірілім жұмыстары аяқталмай қалды. Бұл жайында Vesti.ru ақпарат көзі хабар таратты. NL Times ақпарат көзінің хабарлауынша, маймылдардың бірі ағашқа өрмелеп, дронды таяқпен құлатып түсірген. Ұшақ бортындағы камераға жазылып қалған видео желіде пайда болды. Онда төбесінде түсініксіз зат ұшып жүргенге мазасы қашқан шимпанзе ағашқа шығып алып, оны құлатқаны байқалады. 

1 пікір
Мұрағат