Жануарлар әлемі: Қытайдан алып көбелек табылды (фото, видео)
Жануарлар әлемі: Қытайдан алып көбелек табылды (фото, видео)
9 жыл бұрын 7365

Сычуань провинциясынан табылған жәндіктің қанат қағысы шамамен 18 сантиметр болады деп хабарлайды 24.kz.

Оны ғылымда қаршыға-көбелек деп те атайды. Алып жәндікті Цинчэншань тауына экспедицияға шыққан зерттеушілер тобы тапқан.

Жалпы қаршыға-көбелек Қытайдан өзге Үндістанда, Таиланд пен Вьетнамда да кездеседі. Көбелектердің бұл түрі Сычуань провнциясының таулы аймақтарына сәуір және мамыр айларында көптеп ұшып келеді, деп жазады gismeteo.ru.

 

Англияда үйректер жүретін арнайы жол салынды

Англияның Лондон, Бирмингем және Манчестер қалаларында өзен-көлдерді жағалай үйректерге арнайы жол салынды.

Үйректерге жол салуға бастаманы Англия мен Уэльстің ішкі су жолдарын ұстауға жауап беретін Canal & River Trust қайырымдылық қоры көтерді.

Арнайы жолдар ақ сызықпен белгіленіп, жол бойына үйректің суреті салынған. Жобаның мақсаты – адамдарға қоршаған ортаны дұрыс пайдалануға үйрету.

Қор менеджері Клэр Ризиноның (Claire Risino) айтуынша, бастапқыда арнайы жолдарды барлық жануарларға арнап салу жоспарланған. Алайда, сараптай келе, тек үйректерге жол салу туралы шешім шығарылған.

Мұндай жобалар бұрын да бірқатар мемлекетте қолға алынған болатын. Мәселен, Қытайда ұялы телефонмен сөйлесетін адамдарға арналған жол салынған еді.

  

Адамша жүретін аю жұртшылықты таң қалдырды

Бойын тіктеп тұрып, артқы екі аяғымен ұзақ жүретін Гималай аюы халықты таң қалдырды.Жалпы, көңілді болып көрінсе де, бұл аңның басынан өткен оқиға оған деген аяныш сезімін тудырады. Себебі ол бастапқыда браконьерлердің қолына түсіп, жасырын фермада көп уақыт бойы еріксіз ұсталған. Соның салдарынан дұрыс қоректенбеген аюдың денесі нашар дамыған, деп жазады mirfactov.com.

 

Ақтөбеде тар көлікке аяғы кептетілген керік көпшіліктің наразылығын тудырды (видео)

Ақтөбеліктерді темір құрсауға салынған керіктіңқамы қатты шулатты. Өйткені экзотикалық жануардың жан ұшырған дауысы ғаламторға жетіп, желідегі мыңдаған адамның наразылығын тудырды.

“Твига” есімді 5 жасар жануарды кішігірім зообаққа жеткізу үшін иелері екі бүктеп тар көлікке салып әкеліпті. Ал діттеген жерге жеткенде шығара алмай керікті тағы әлекке  салды.

Аяқтарын босату үшін темірді автогенмен, яғни темірді кескіш құралмен кескілеген. Жан дауысы шығып, шыңғырған керікті қалалықтар видеоға түсіріп алып, бір-біріне таратып, ақыры оның даусы ғаламторды жаңғыртты.

“Дұрысында жануарды бұлай тасымалдау керек емес еді. Біздің елде, өкінішке орай, Қылмыстық кодекстің 276 бабы жануарларға қатысты қатыгездік бабы қолданылмады. Адамдар сол заңмен жазаланатынын білсе, осындайды көрмеуші едік”, – дейді «Қамқор» жануарларды қорғау бірлестігінің президенті Татьяна Острецова.

Твиганың осындай жанкешті күйін бірер күнде 50 мың адам көріп үлгерді. Ал оны әуреге салып, зообаққа әкелген кәсіпкер болса, “оған бар жағдайды жасап отырмыз”, – дейді.

 

Ақтөбе тұрғындарын керіктен қорқып, көше кезген бұғы таң қалдырды (видео)

Жақында керікті кішкентай торға  қамап қойған  Ақтөбедегі шағын зообақ тағы да  елдің назарын аударды.

Бұл туралы Мой город басылымына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Аяғы кептетіліп қалып, бүкіл қаланы басына көтерген Твиго есімді керіктен енді жануарлар да қорқа бастады.

Жақында  қаланың бас көшесі – Әбілқайыр хан даңғылынан тұрғындар көше бойлап жүрген бұғыны көреді. Ол керіктен қорқып, зообақтан қашып кеткен.

Бір қызығы, қарамағындағы жануарлар бағынан бұғының қашып кеткенін иесі Борис Байжарқынов білмейтін болып шықты.

Ал қала тұрғындары көше кезген бұғыны камераға түсіріп алған.

 

Аллигатор мен жүк көлігінің «шайқасы» ғаламторды жаулауда (видео)

Жол бойында қалың шөп арасында жатқан аллигторды көрген жүк көлігінің жүргізушісі оның көліктен сескенер-сескенбесін тексермек болады. Анықталғандай, аллигатор көліктен қорқатын жыртқыш емес екен, деп хабарлайды BNews.kz.

Видео авторы бұл жайттың барлығын өз көлігінің терезесінен камераға түсіріп алған. Жүргізуші жыртқышқа барынша жақындай түсіп, ол көліктен сескеніп, қашып кетеді деп үміттенген.

Алайда, аллигатор қашудың орнына қарсы шабуылдап, жүк көлігінің алдыңғы бамперін жұлып алады. Тыныш жатқан жерінен мазасын алғанға ашуланған болар шамасы.

Қазір аллигатор мен жүк көлігінің «шайқасын» YouTube-те екі миллионнан астам көрермен жинап үлгеріпті.

0 пікір
Мұрағат