Жаңа әскери шен пайда болды
Жаңа әскери шен пайда болды
5 жыл бұрын 4410 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өзбекстанның қорғаныс министрлігі аталмыш республика қарулы күштерінде жаңа әскери шен енгізуге бел буып отыр. Бұл жайында өзбектердің «Подробно.uz» ақпарат көзі Өзбекстан республикасы әділет министрлігіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Бұл жаңа бастама мемлекет басшысы Шавкат Мирзеевтің қаулысында қарастырылған. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, үш жыл қатарынан әскери қызмет атқарғандарға «ІІІ дәрежелі сержант», 4 жылға – «ІІ дәрежелі сержант», ал бес жылға – «І дәрежелі сержант» әскери шені беріледі. Ал «лейтенант» шеніне қол жеткізгісі келетін жоғарғы әскери оқу орнының түлектері бір жыл әскери қызмет атқаруы керек. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Global Firepower Index рейтингісінде биылға көрсеткіш бойынша Өзбекстан әлемнің 137 елі арасында 48-ші орыннан көрінген болатын.

0 пікір
Мұрағат