Жалғыздықпен күресу стратегиясы әзірленеді
Жалғыздықпен күресу стратегиясы әзірленеді
5 жыл бұрын 2541 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Соңғы уақытта қартаю процесінен Германия тұрғындарының арасында жас ерекшелігіне қарай жалғыздықтан жапа шегетін адамдар қарасы көбейіп келеді. Бұл төңіректегі статистикалық мәліметті аталған ел билігі Азат демократиялық партия атынан сайланған депуттардың талабы бойынша ұсынды. Бұл жайында немістердің Rheinische Post мерзімді басылымы хабар таратты. Әлеуметтік проблемаға айналған осынау мәселеге қатысты жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, ел аумағындағы 45-84 жас аралығындағылар арасында өзін жалғызілік сезінетіндер қарасы 2011-2017 жылдар аралығында 15%-ға артып кеткен. 2017 жылы осы жастағы адамдардың 9,2%-ы жалғыздықтан жапа шегетініне шағымданған. Жалғыздық дерті тек ересектер мен егде жастағыларды айналдырып қоймай, сонымен қатар, 11-17 жас аралығындағы жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында да етек алған: жасөспірімдердің 4,2%-ы өзін ұдайы жалғыз сезінетінін жеткізген. 27,6%-ы ара-тұра сезінетінен алға тартқан. Әсіресе, қыз балалар арасында. Қоғамнан оқшаулану сезімі адамның денсаулығына, соның ішінде психикасына кері әсерін тигізетінін, атап айтқанда, күйзеліске бой алдыру, суицид қатерін арттыру, гипертония, деменеция, жүрек-қан тамыр аурулары, т.б. ұрындыратынын ғалымдар мен денсаулық сақтау мамандары ескертіп отыр. Бұл әлеуметтік кесел өз кезегінде мемлекет қазынасына үлкен салмақ салары сөзсіз. Осыған байланысты депутаттар ел билігінен жалғыздықпен күресудің стратегиясын әзірлеуді талап етуде. Бәрі дұрыс-ау, алайда, біздің тарапымыздан айтарымыз: отбасы институты мен өзге де, мәселен, діни құндылықтардың қадірі қашқан жерде бұл мәселені түбегейлі шешу мүмкін емес. Бұл дәлелдеуді қажет етпейтін шындық.

0 пікір
Мұрағат