Жалған суицид саудиялықтардың мазасын алды
Жалған суицид саудиялықтардың мазасын алды
9 жыл бұрын 3864

Сауд Арабиясында көпірдің астыңғы жағынан ілулі тұрған, өз-өзіне қол жұмсап, дарға асылған адам кейпіндегі манекен жұрттың зәре-құтын ұшырды. Полиция мына сұмдық көріністен мазасы қашқан жұртқа оның бар-жоғы манекен екенін айтып, мұны жасағандарды жауапқа тартатындарын алға тартып, сабырға шақырды. Бұл жайында  Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. Оны кім ілгені әлі анықталған жоқ, десе  де, тәртіп сақшылары қоғамды дүрліктіретін мұндай заң бұзушылыққа жол берген кінәлілерді тауып, жазалайтынына сендіріп бағуда. Мұндай жағдайдың қайталанып отырғаны бір бұл емес, үстіміздегі жылдың ақпан айында әлеуметтік желілерде Жидда қаласындағы көпірден құлап бара жатқан әйел бейнесіндегі манекен де жұрттың тынышын қашырған еді. Тура осыған ұқсас тағы бір жағдай Бурайда қаласында да орын алған болатын: бұзықтар жұрттың реакциясын тексеріп көрмек болып, көпірден манекенді лақтырып жіберген еді. 

0 пікір
Мұрағат