Жалған ақшаны анықтайтын қосымша жасалады
Жалған ақшаны анықтайтын қосымша жасалады
5 жыл бұрын 2466 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Үндістанның қор банкі банкнотты тануға арналған қосымшаны іске қосатынын мәлімдеді. Шын ақшадан жалған ақшаны айыратын арнайы қосымша қаражат қожайынына банкноттағы ақша белгісін, банкноттың жасанды көшірмесінен қорғайтын элементтерді табуға көмектеседі. Аталмыш банк өкілдерінің айтуынша, мұндай қосымша көзі нашар көретін жандарға арналған. Қосымша ақша банкнотының номиналын көрсеткенде "дыбыстап хабар" береді. Мұндай қосымшаның іске қосылуына, сондай-ақ, аталған ел аумағында ақша аударымдарының қолма-қол ақшаны қолдану арқылы жүзеге асатыны себеп болып отыр. Бүгінгі таңда үндістанда шамамен 80 мың соқыр мен көзі нашар көретін мүмкіндігі шектеулі жандар тұрады. Осы мақсатта 100 рупиден (Үнділердің ұлттық валютасы) жоғары номиналдағы банкноттар инталды технология бойынша басылады. Яғни, қолмен ұстап көрген кезде қандай банкнот номиналы екенін ажыратып білуге болатындай етіп терең басып шығару тәсілі қолданған. Бұдан бөлек, ел билігі жасанды ақшаның таралуына жол бермесі үшін 2016 жылдың қараша айынан бастап, банкноттарға жаңа дизайн енгізген болатын. Бұл жайт өз кезегінде көзі нашар көретіндерге қосымша қиындық тудырады. Ақшаны тануына. 

0 пікір
Мұрағат