Жалған ақпараттарға қарсы заң қабылданды
Жалған ақпараттарға қарсы заң қабылданды
8 күн бұрын 237 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының кеңесі мәні зор, яғни, қоғамды жікке бөлетін, арандату тудыратын, араздықты қоздыратын, т.б. былайша айтқанда, қоғамды негізсіз дүрліктіретін жалған ақпаратты таратуға тыйым салатын заң жобасын мақұлдады. Мемлекетік думада қарастырылған аталмыш заң жобасының авторлары: сенатор Андрей Клишас, Людмила Бокова, депутат Дмитрий Вяткин. Қабылданған заң талаптары бойынша адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін және олардың дүние-мүлкіне зақым келтіретін, қоғамның қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін, адамның өмір сүруіне қажетті жағдайды қамтамасыз ететін нысандардың жұмысын тоқтатуға апарып соқтыратын әрі көлік қозғалысын шейтейтін немесе әлеуметтік инфрақұрылымды бүлдіретін, энергетика, өнеркәсіп нысандары жұмысының доғарылуына себеп болатын кез келген жалған ақпаратты таратқан тұлға немесе ұйым жауапкершілікке тартылып, жазаланады. Жалған ақпарат таратқан дерек көзі жабылады немесе оның жұмысына шектеу қойылады.

0 пікір
Мұрағат