Жаһан: Ұлтшыл премьердің беті бері қарап келеді
Жаһан: Ұлтшыл премьердің беті бері қарап келеді
2 жыл бұрын 779

 

Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди елдегі мұсылман жамағатының жетекшілері мен діни қайраткерлері мұсылмандар басындағы хал-ахуалды, соның ішінде, әлеуметтік әрі білім беру салалары бойынша қордаланып қалған мұсылмандарға қатысты түйткілді мәселелерді жеткізді. Ел премьері өз кезегінде мұсылмандар басындағы күрделі түйінге айналған мәселелерді шешетініне уәде бере отырып, діни азшылықты құрайтындардың радикалданып бара жатқанына назар аударды. Қоғамға жат мұндай құбылыспен күресуде жұдырықтай жұмылып, ауызбіршілік танытудың маңыздылығына тоқталды. Бұл жайында The Times of India ақпарат көзі хабар таратты.

 

Халық санағы мәжбүрлі түрде жүргізіледі

Мемлекеттік статистиканың федералды қызметі (Росстат) Ресей Федерациясының азаматтарының халық санағына қатысуын мәжбүрлі ету жөнінде заңға тармақ енгізуді ұсынды. Бұл жайында «Коммерсантъ» басылымы хабар таратты. Қазіргі уақытта бұл елде халық санағына әр адам өз еркімен қатысады. Бұл өз кезегінде санақшылардың сауалына тұрғындардың жауап қайтармай, кей мәліметтерді жасырып қалуына мүмкіндік беріп отыр. 2010 жылы жүргізілген бүкіл ресейлік санаққа миллиондаған адам қатыспай қойған болатын. 2,6 млн адам санақшылардың көзіне түсуден қашқан екен. Бұған қоса, 3,5 млн адам білім деңгейін айтудан бас тартқан көрінеді. Ал 4 млн тұрғын табыс көзін, 4,6 млн азамат немен шұғылданатынын жасырған. Осыған байланысты Росстат жеке басына қатысты мәліметтерді бұрмалап жеткізгендерге айыппұл салуды ұсынып отыр. Егер Росстат-тың бұл ұсынысы қабылданатын болса, санақшылар мәліметтерді жасырғандарға немесе бұрмалағандарға айыппұл салу құзыыретіне ие болады. 

 

Террористерге қандай жаза қолдану үшін 12 сағат ойланды

Малайзияның парламентінің төменгі палатасы терроризмнің алдын алу туралы заң жобасын мақұлдады. Депутаттар тарапынан қабылданған аталмыш заңда лаңкестік іс бойынша күдікті ретінде танылған тұлғаның сот шешімінсіз екі жылға дейін абақтыға жабылатыны қарастырылған. Билік басындағы Ұлттыық майдан мен оппозициялық партия өкілдерінің арасында табаны күректей 12 сағатқа созылған қызу пікірталастан кейін қабылданды аталмыш заң. Бұған терроризиді әдеттегі қылмыспен бірдей көріп, соған орай жаза тағайындау турасында аталған екі партия арасындағы дау-дамай себеп болды. Оппозициялық партия өкілдері бұл заңның адам құқығына және азаматтық бостандыққа қол сұғаатынын алға тартып отыр.

 

«ИСЛАМИАДА-2017» РАМАЗАНҒА ДЕЙІН ӨТКІЗІЛЕДІ

E-islam.kz сайтының Kazinform ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып таратқан хабарына қарағанда, Әзербайжан астанасында «Баку-2017» IV Исламиадасын өткізу туралы шартқа ресми қол қою шарасы өтті. Бұл жайында хабарлады.
Шартқа Әзербайжанның жастар және спорт министрі Азад Рагимов, Ислам ынтымақтастығы спорт федерациясының президенті Сауд Арабиясының жастар және спорт министрі, Сауд Арабиясының Олимпиада комитетінің президенті Абдулла Бин Мосаад Бин Абдулазиз әл-Сауд ханзадасы және Әзербайжан ҰОК вице-президенті Чингиз Гусейнзаде қол қойды.

Ч.Гусейнзаде Әзербайжан Ойындарды өткізуге дайын екенін атап өтті.

«Ойындардың өту мерзімі Мухаррам айының қай кезеңге түсетініне байланысты. Ойындар Рамазан айының басталуына дейін өтеді. Бұл ойындарда спортшылар спорттың 19-20 түрінен бағын сынап көрмек. Қонақтар барлық спорт алаңдарын байқады», - деді ӘР ҰОК вице-президенті.
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың 23-24 шілдесінде Джидда қаласында Әзербайжанға «Баку-2017» IV Исламиадасын өткізу құқығы берілген.

0 пікір