Жаһан: Таяу Шығыс дүниежүзілік соғыстың ошағына айналуы мүмкін
Жаһан: Таяу Шығыс дүниежүзілік соғыстың ошағына айналуы мүмкін
2 жыл бұрын 1538

Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстағы талай уақытқа созылса да әлі толастамаған аймақтық шиеленістер мен жанжалдар, әлемдік державалардың мүдде қақтығыстары, террористердің белсенділігінің артуы, аймақтағы елдердің интеграциядан қашық қалуы өз кезегінде бұл аймақтағы күрделі ахуалдың дүниежүізілік соғыстың тұтануына алғышарт тудыруы мүмкін екендігін ескертті «Ресей бүгінде» деп аталатын үстелбасы сұһбатта  «Ресей – ислам әлемі» стратегиялық зерттеулер орталығының президенті Шәміл Сұлтанов. Тіпті, ол: «Оның болатынын немесе болмайтынын айта алмаймын, десе де, оның белгілері көбейіп келеді»,- деп қатты кетті. Сарапшының қауіп ете сөйлеп, бұлайша алаңдаушылық білдіргеніне осы шараға қатысқандар қарсы пікір білдіре қойған жоқ.

 

Түркия Дарданел операциясының 100 жылдығын атап өтеді

Түркия Дарданел операциясының 100 жылдығын атап өтеді. Түріктердің ел болып қалуына ықпалын тигізген бұл тарихи маңызды шараға әлемнің 21 елінің басшылары мен 50-ден аса елдің үкімет мүшелері қатысады. Дарданел операциясының маңызы неде? Тарихшылар 1915 жылдың сәуір айында басталып, бір жылға жуық уақытқа созылған Дарданел операциясын бірінші дүниежүзілік соғыстың аса маңызды бір сәті ретінде қарастырады. Ұлыбритания, Франция және олардың одақтастарының әскеріне стратегиялық маңызы зор Дарданел шығанағын басып алудың сәті түспеді. Айбынды түрік әскерінің жанқиярлық ерлігіне төтеп бере алмады.

 

Малайлар енді байқап әзілдесетін болады

Малайзия мемлекеті сахнада айтылатын әзіл-қалжыңдарды сұрыптауға кірісті. Бұдан былай әзілкештерге салмақты тақырыптарда әзілдесуге болмайды. Алайда, Малайзия мемлекетінің Ислам дамуы департаменті «салмақты тақырыптарға» қандай тақырыптар жататын ашып айтпады. Бұл жайында muslim.kz ақпарат көзі хабар таратты.

Діни департамент тек бұнымен ғана шектелмей, концерттер мен мерекелік шараларды ерлер және әйелдер секторына бөліп ұйымдастыруды ұсынып отыр. Ал, көрермендерге «дарақы күлкіден» тыйылуға кеңес беруде. Сахнаға шыққан әртістерді әдептен аспай, қарапайым болуға шақырды. Сондай-ақ, сахнада олардың билемегені дұрыс дейді департаменттегілер.

Бұл тыйымдар қазіргі уақытта малайзиялықтар арасында қызу талқыланып жатыр. Отбасы және әйелдер ісі министрінің орынбасары Чу Мей Фан департаменттің бұл шешімін сынға алып, мұсылман емес жандардың мерекелік шараларды қалай өткізгісі келсе, солай өткізуі тиіс деген қарсы пікір білдірді. Оның бұл пікіріне департамент директоры Усман Мустафа: «Біз тек өз халқымыздың игілігі үшін жұмыс жасаймыз», – деп жауап қайтарды.

 

Қытайда 18 жыл құлдықта болған адам құтқарылды

Baq.kz сайтының  The South China Morning Post ақпарат көзінің хабарлауынша,  Қытайда өмірінің 18 жылын құлдықта өткізген азамат құтқарылған.

Гуандун провинциясының Цинъюань округінде тәртіп сақшылары рейд жүргізіп, нәтижесінде көрпе-төсек тігетін жасырын цех тапты. Полицейлер тұтқиылдан кіргенде онда еңбек етіп отырған жұмысшылардың барлығы қашып үлгергенімен, біреуі мүлдем жасырынбапты да. Кейінірек анықталғандай, ол азамат 18 жыл бойы құлдықта болып, түрлі жұмыстарға жегіліп келген екен. Есімі - Се Шишэн, жасы 34-те. Оны "қожайындары" осыдан 18 жыл бұрын көрші провинциядағы отбасылық фермаға жұмысқа жалдаған, кейін мүлдем құлдыққа жегіпті.

"Олар менің аузыма қоқыс тығатын, қашуға әрекеттенсем аямай ұрып соғатын кездер жиі болған. Басымнан темір балғамен ұрып талдырған кездер де есімде. Ең сорақысы, үй иесінің әйелі менің үстіме дәрет сындыратын" дейді құлдықтан босаған Се Шишэн.
Walk Free Foundation ұйымының мәліметінше, бүгінгі таңда әлем бойынша 30 миллиондай адам әлі де болса құлдықта. Олардың 14 миллионы Үндістанда. Екінші орында Қытай, онда 2,9 миллион адам өз еркінен тыс еңбекке жегіліп жүр. 

0 пікір