Жаһан жаңалықтары: Ұшқыш мұсылман әйелі
Жаһан жаңалықтары: Ұшқыш мұсылман әйелі
9 жыл бұрын 3228

Үндістанда алғашқы ұшқыш мұсылман әйелі пайда болды. Ол осылайша ұшақ пайда болғалы бері оны тек ер-азаматтар ғана басқара алады деген жаңсақ ұғымға тойтарыс берді. Біз сөз етіп отырған Бангалор қаласының тумасы, 25 жастағы Сара Хамид Ахметтің айтуынша, жұрттың дені мұсылман әйелдің ұшақты басқарғанына сенімсіздікпен, ал сенгендері таңқала қарайды екен. Бұл жайында Hindustan Times ақпарат көзі хабар таратты.

 

Компартия шариғат шәлісіне шүйлікті

Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданындағы коммунистік партияның жоғары шенді шенеуніктері ұйғыр мұсылмандарының басындағы шариғат шәлісіне шүйлікті. Бұл жайында Reuters ақпарат агенттігі хабар таратты. «Біз осы заманғы зайырлы қоғамға ұмтылауымыз керек. Алайда, Қашғардың кей жерлерінде өткен жылдан бері ниқаб киіп, басқа орамал тартып жүргендері бар. Бұл біз осы уақытқа қол жеткізген зайырлы қоғамнан кері кету. Мәдениеттен артқа шегіну»,- деп мәлімдеді Қашғар қаласындағы компартия хатшысы Зень Кун. Айта кетейік, соңғы жылдары билік тарапынан мұсылмандарға қарсы қымыс күшейген болатын. Мемлекеттік қызметте істейтін мұсылмандарға намаз оқуға және ораза ұстауға тыйым салынды. Ол ол ма, шариғат шәлісін жасылғандарды қоғамдық көліктерге отырғызбайды. Имамдарды дүйім жұрттың көзінше алаңда биелетеді. Балаларға дін негіздерін оқытуға тыйым салған. Бұл келеңсіздіктер жайында дер кезінде хабар таратып отырған едік.

 

БҰҰ-ның бітімгершілік күштері Малидің солтүстік бөлігін зымыранмен атқылады

Малидегі жағдайды тұрақтандыру жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының көп салалы әрі кешенді миссиясының баспанасына да зымыран түскен. Нәтижесінде үш адам қаза тапқан: бітігершілік күштердің бір сарбазы мен екі бейбіт тұрғын. БҰҰ-ның бітімгершілік күштері бұл елде өтпелі биліктің мемлекеттегі жағдайды тұрақтандыруына көмектесу үшін жүр. Бұл жайында AFP ақпарат көзі хабар таратты. Сондай-ақ, снарядтардың бірі сол маңдағы туарегеттер лагеріне де түскен көрінеді. Бітігершілік күштер өтпелі кезеңде елдегі жағдайды тұрақтандыру мақсатында қабылданған «жол картасын» жүзеге асырумен, аса ірі елді-мекендер мен коммуникация желілерін қорғаумен, адам құқығын сақталуын қамтамасыз етумен, гуманитарлық көмектің жетуіне жағдай жасаумен шұғылданады. Қазіргі уақытта БҰҰ бітімгершілік күштерінің құрамында 11 мыңнан аса сарбаз бар. Сондай-ақ, БҰҰ-ның рұқсатымен төрт мыңға жуық француз әскері жүр. Бұл елдегі дағдарыс көрші жатқан Ливия мемлекетінде 2011 жылы орын алған Муаммар Кадафиді тақтан тайдыру дүрбелеңінен кейін туарег тайпасының босқындары келген болатын. Малидің солтүстік бөлігіне орналасқан олар Азавад дене атпен тәуелсіз мемлекет құрмақшы болды. Артынан оларды экстремистер ығыстырды.

0 пікір
Мұрағат