Жаһан жаңалықтары: Йемендегі ұрыс қимылдарының барысы
Жаһан жаңалықтары: Йемендегі ұрыс қимылдарының барысы
9 жыл бұрын 3886

Бүлік бастап, билікке таласқан шииттік Хуси тайпасының көтерілісшілері сырттан қару-жарақ пен өзге де көмек алмасы үшін Сауд Арабиясының әскери теңіз флоты Йеменнің айлағын өз бақылауына алды. Лондон қаласындағы ВВС ақпарат көзіне берген сұхбатында Сауд Арабиясының елшісі хусит тайпасына Иранның көмек көрсетіп отыруы мүмкін екенін жоққа шығармады. Сөз реті келгенде айта кетейік, Иран қолдау көрсетіп отырған шииттік Хути кланынан Йеменді қорғау үшін құрылған коалицияға Пәкістан да қосылатын болды. Жақша ішінде айта кетейік, Пәкістан – аталмыш коалицияға қосылған араби емес жалғыз мемлекет. Пәкістан билігі ұрыс жүріп жатқан аймаққа әскер кіргізуге дайын екенін мәлімдеді. Алайда, құрлықтық емес әскер кіргізу мәселесін әлі қарастырып жатқандарын да жасырмады. Пәкістан билігі мұндай қадамға мұсылман әлемінің мүддесі үшін барып отырғандағын жария етті. Сауд арабиясының оңтүстік батысындағы Шамрак полигонында екі елдің арнайы мақсаттағы жасақтарының әскери жаттығуы да басталып кетті. Бұл жаттығуға шамамен 300 пәкістандық камондос пен арнайы жасақ, Сауд Арабиясының әскери әуе күштері мен шекара қызметінің сарбаздары қатысуда. 

 

Ливияның террористер қолына өтіп кету қаупі төніп тұр

Ливиядағы қантөгіс әлі тоқтаған жоқ. Егер аталған елдің басшысы шұғыл әрі батыл әрекет етпесе, жұрттың іргесі сөгіліп, мемлекеттіліген айырылады. Бұл жайында кеше Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы өкілі Бернардино Леон (Bernardino Leon) ескертті. «Жағдай күрт нашарлап барады. Ливия одан ары қарулы қақтығыс пен саяси дағдарысқа төтеп бере алмайды»,- деді ол сөзін толықтырып. БҰҰ өкілінің айтуынша, бұл елдегі мақсаттары қабыспайтын, мүддесі бөлек түрлі топтардың арасындағы текетірес толастамаса, Ливия экстремизмнің ошағына айналады.

 

Сауд Арабиясы ядролық бомба жасауы мүмкін

Ресми дерек көзіне қарағанда (қай ақпарат көзі екені нақты аты аталып, түсі түстеліп айтылмаған – ред.) , Сауд Арабиясы Оңтүстік Кореямен келісім-шартқа отырған: аталмыш құжатқа сәйкес кәріс мамандары королдік аумағында ядролық өнеркәсіп қондырғысын салады және бұл жоба 52 000 000 000 долларға бағаланып отыр. Осыған байланысты батыс дипломаттары мен саясаткерлеріне аталған екі елдің мұндай келісім-шартқа отырғаны ұнамаған. Олардың уәжі бойынша бұл батыстың бас ауруына айналған Иранмен арадағы ядролық бағдарламаға қатысты келіссөзге кесірін тигізеді. Сондай-ақ, Сауд Арабиясының бұл қадамы Таяу Шығыстағы елдерді жаппай ядролық қарулануға итермелейді деп санайды. Ал кәрістер жағы өз кезегінде аталған келісім-шартта уранды байыту қарастырылғанын және өндіріс қалдығы ядролық қару жасауға жұмсалуы мүмкін екенін мәлімдеген. 

 

Нью-Дели соты 40-тан аса мұсылманды өлтірген полиция қызметкерлерін ақтады

"PakistanToday" ақпарат көзінің хабарлауынша, үстіміздегі жылдың наурыз айының 21-і күні 1987 жылы 40-тан аса мұсылманның түбіне жеткен 16 полиция қызметкерін ақтап шығарды. Тарқатып айтқанда, 1987 жылы Үндістан астанасынан 70 шақырым қашық жатқан Мератх қаласында тәртіпсіздік орын алған болатын. Нәтижесінде 40-тан аса мұсылман қаза тапқан еді. Бұл тәртіпсіздікке тәртіп сақшыларының жергілікті мешііт жамағатын заңсыз жолмен тұтқындағаны себеп болған еді. Прокурор СатишТамтаның мәлімдеуінше, бұрынғы полиция қызметкерлеріне қарсы дәлел жеткілікті болмауы себепті ақталған.

 

Кувейт сириялық босқындарға жарты млн доллар бөлді

Кувейт табаны күректей төрт жыл қатарынан азаматтық соғыстан көз ашпаған Сирия халқына, соның ішінде соғыстың лаңынан босып кеткен гуманитарлық көмек ретінде 500 млн доллар бөлді. Бұл жайында Кувейттің әміршісі әрі шейһ Сабаһ әл-Ахмет ас-Сабаһ Сирияға гуманитарлық көмек көрсетуші донор елдердің жиынында мәлім етті. Аталмыыш жиында Кувейттен сәл асырып қаржы бөлген ел АҚШ болды – 507 млн доллар. Бұл жайында Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы АҚШ елшісі Саманты Бауэр жария етті. Осы мақсатта Еуродақ 1,1 млрд доллар бөлді. БҰҰ мәәліімеетіне қарағанда, соғыс оты шарпыған төрт жылдың ішінде шамамен үш млн сириялық босқын атанған. Сириялықтардың дені Түркия, Ливан және Иордания секілді көрші жатқан шекаралас елдерге бас сауғалаған. Түркияның төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою басқармасының дерегі бойынша осы елді пана тұтып келген сириялық босқындардың қарасы 1,6 млн адамнан асып кеткен. Сириядағы жанжал басталғалы бері осы уақытқа дейін түріктер билігі босқындарға ел қазынасынан, яғни, мемлекет бюджетінен 5,5 млрд доллар шығындаған. Соған қарамастан осы жиында бөлінген гуманитарлық көмекті Ливан мен Иорданиядағы сириялық босқындарға аударуды сұраған Түркия өкілі. Иорданияның премьер-министрі Абдаалла ан-Нұсұр 3 млрд доллар қажет екенін алға тартса, Ливандық әріптесі 1 млрд сириялық босқындар үшін бөлуді сұрады.

 

Оқулықтарда мұсылмандар жағымсыз жағынан көрсетілген

Германияда билік тарапынаан жүргізілген тексеру барысында анықталғандай, мектеп оқулықтарында мұсылмандардың, ашық айтылмаса да, жағымсыз жағынан көрсетіліп келгені әшкере болды. Бұл факті өз кезегінде осы елдегі мұсылман жамағаты жетекшілерінің және құқық қорғаушылардың наразылығын тудырды. Онсыз да ушығып тұрған иммиграциялық мәселені одан ары күрделендіре берудің арты жақсылыққа апарып соқтырмайтынын ескерткендей болды. «Оқулықтар арқылы оқушылардың санасына шетелдіктерді ұры тұтып, зорлық-зомбылыққа бейім тұратыны жөнінде қате көзқарас сіңдіріліп келген»,- деді Германияның ислам кеңесінің бас хатшысы Бұрхан Кесичи Anadolu Agency ақпарат көзінің тілшісіне берген сұхбатында. Босқындар көші-қоны және интеграция институты жөніндегі федералды комиссары Георга Эккертаның тапсырмасы бойынша Германияның бес аймағының 65 оқулығына сараптама жүргізілген болатын. Тексеруге саяси, әлеуметтік мәндегі және жағрафиялық оқулықтарға жүргізілген. Кейбіір оқулықтарда мысалға мұсылмандар есімі әдейі алынған. Мәселен, Ахмет есімді қылмыскер ұрлыққа барды т.б.

0 пікір
Мұрағат