Жабайы жануарларға қонақ үй ашылды
Жабайы жануарларға қонақ үй ашылды
2 жыл бұрын 686

Австралия астанасы Канберрада жабайы жануарлары бар қонақ үй ашылғанын хабарлады «ҚазАқпарат». Jamala Wildlife Lodge қонақ үйі Канберраның Ұлттық хайуанаттар бағы мен аквариумы аумағында орналасқан. Бұл қонақтардың жануарлар әлеміне жақын болуына жол ашты. 

Қонақ үйдегі бөлмелерден шыны қабырға арқылы жануарларды тамашалауға болады. Бір бөлменің тұрғындары балконынан керіктерді тамақтандыра алса, екіншілері акулалары бар аквариумды тамашлай алады. Жоғарғы террасада маймылдарды көруге болады. Jungle номерлерін арыстан, леопард және аюлары бар торлардан жұқа шыны қабырға ғана бөліп тұр. Сондықтан адам мұндай бөлмелерде жартқыштармен бірге тұрып жатқандай әсерге бөленеді. Алайда, бұл қонақ үйде бірнеше шектеу мен өз ережелері бар. Осылайша, номерді 18 сағатқа дейін ғана жалға алуға болады, ал 6 жасқа толмаған балалар қонақ үйге кіргізілмейді. Мұндай қонақ үйде тұру үшін бір адам 400 доллардан аса қаражат жұмсайды. Қонақ үйдің табысы хайуанаттар бағы мен аквариум қажеттіліктеріне жұмсалады. 

0 пікір
Мұрағат