Израильде мүмкіндігі шектеулі жандар жауынгерлік борышын атқара алады
Израильде мүмкіндігі шектеулі жандар жауынгерлік борышын атқара алады
5 жыл бұрын 2525 bag.kz

Тіпті, қызметтегі офицерлер үшін мылқау жандарға арналған арнайы курстар оқытылады, деп хабарлайды 24.kz.

Себебі6 командирлер өз әскерилерімен тіл табыса алуы керек. Бұл курстар басқалардан өзгерек. Бүгінде подполковниктан бастап сержантқа дейінгі әскерилер, түрлі рота басшылары қолмен ымдап түсіндіру жаттығуларын қайталауда. Осылайша, Израиль әскерінің командирлері құлағы естімейтін, мылқау сарбаздарымен тіл табысудың қамына кіріскен. Өйткені, Израильде мүмкіндігі шектеулі жандарға әскерде өз борышын өтеуге мүмкіндік беріледі. Әрине, ол үшін азамат өз еркімен және жауынгерлік емес бөлімшеге баруы тиіс. Оның қатарында есту қабілетіне зақым келген жандарда бар. Дәл сол себепті әскерде арнайы оқыту курстары ұйымдастырылып жүр. Бұл пәнді тәмәмдаған командир нәтижесінде мүгедек сарбазбен еш кедергісіз тіл табыса алады. 

"Менің екі әпкемнің есту қабілетіне зақым келген. Осындай отбасында өстім. Сондықтан қолмен ымдап түсіндіру жаттығуларын бала кезімнен білемін. Сөйтіп, әскерге келгенде де осы мәселеге тап болдым. Борышын өтеуге келген жандардың кейбірі командирлермен денсаулығына байланысты тіл табыса алмайды. Сондықтан осы курсы бастау идеясы пайда болды", - курс меңгерушісі Игаль Розен.

Әскери қызметкерлерге арнайы курсты Шломи есімді мұғалім береді. Ол мүлдем естімейді және сөйлемейді. Дегенмен, мылқаулар тілін жақсы меңгерген. Сондай-ақ, сөйлеген адамның ерніне қарап, бәрін түсіне алады. Мұнда осындай қоғамдық ұйымнан келген бірнеше азамат бар. Әскердегілер олардан сабақ алу үшін әдейі шақыртқан.

"Менің ұстаздық етіп жүргеніме жарты жылдай болды. Бұған дейін қоғамдық ұйымда қызмет еттім. Мұндағы студенттер ерекше. Көбісі менен үлкен, әскери киімдегілер. Дегенмен, ынталары жоғары. Оқушыларым мүмкіндігі шектеулі жандармен тіл табысқысы келеді", - деді ымдап түсіндіру тілінің мұғалімі Шломи Битон.   

Шломимен тағдырлас әскерде жүздеген сарбаз бар. Мәселен, әскерге қабылдау рәсімі кезінде сурдоаудармашы қыз әнұранды ыммен түсіндіреді. Сондай-ақ пәрменде қолмен ымдап беріледі. Бүгінде израильдік әскерде, осылайша, әлеметтендіруге аса мән берілуде. Мүмкіндігі шектеулі жандарға шектеусіз мүмкіндік ұсыну мемлекеттің басты мақсатына айналған.

0 пікір
Мұрағат