Израилде аса ірі экологиялық апат орын алды
Израилде аса ірі экологиялық апат орын алды
9 жыл бұрын 3915

Израилдің оңтүстігінде Эйлат–Ашкелон құбырының жарылуына байланысты аса ірі экологиялық апат орын алды. Ел билігі бұл төтенше жағдайды Израиль тарихындағы аса ірі апат деп мәлімдеді. Желтоқсан айының төртінші түнінде Иорданиямен арадағы шекара өтетін Арава шөлінде мыңдаған кубаметр мұнай төгілді. Бұл өз кезегінде жергілікті қорықтың флорасы мен фаунасына қауіп төндіруде. Израилдің қоршаған ортаны қорғау министрлігі осынау апаттың салдары мен зардаптарын жою үшін бірнеше ай немесе бір жыл кететінін мәлімдеді. Улы буды жұтқан жергілікті тұрғындар мен Иорданияның Ақаба қаласының 80 тұрғыны зардап шегуде. Бұл төтенше жағдайдың орын алуына құбырға жүргізілген жөндеу жұмыстары кезінде кеткен салақтық себеп болуы мүмкін. 

0 пікір
Мұрағат