Израил тек Мьянманы ғана емес, геноцид жасаған елдердің бәрін қаруландырған
Израил тек Мьянманы ғана емес, геноцид жасаған елдердің бәрін қаруландырған
6 жыл бұрын 4481 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бірден айта кету керек, Иран тарапы Израил билігін алғашқы болып айыптаған еді - Мьнямадағы азшылықты құрайтын рохиниялық мұсылмандарға қарсы геноцидке қатысы бар деп. Басында Израилді ата жауы көретін Иран билігінің бұл мәлімдемесіне мән бермеген едік "Иранның Израилді бір тұқыртып қалу үшін ойлап тапқаны" деп. Жасыратыны жоқ. Иранның бұл мәлімдемесінен кейін әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарында Изрилдің Мьянма әскерилерін қару-жарақпен қамтамасыз етіп отырғандығы турасында дерек жарыса жариялана бастады. "Жел соқпаса, шөптің басы қозғалмайды". Біріккен Ұлттар Ұйымының өзі Мьянмадағы мұсылмандар басындағы қасіретті "геноцид" деп баға берген қырғынның ұйымдастырылуына дінаралық араздық емес, рохиниялық мұсылмандар атамекеніндегі жерасты қазба байлығы, дәлірегі, мұнай қоры алпауыт елдердің, соның ішінде, Қытайдың да көкейін тесіп барады. Бұл басқа тақырып. Біздің айтпағымыз, Израил билігі Мьянма әскерилерін нақты қандай қару-жарақпен жабдықтап отыр және Израилдің этникалық тазалау жүргізген елдерді қарумен қамтамасыз етіп отырғандығы туралы мәліметтің қаншалықты рас екендігіне көз жеткізу. Мьянма Израилден патрулдік қайықтар, бақылау құралдарын және өзге де қару-жарақ түрлерін сатып алған. Бұған қоса, Мьянманың арнайы жасағы Израилде оқу-жаттығудан өтеді. Бұл жайында Al Jazeera ақпарат көзі хабар таратты. Осыған байланысты құқық қорғаушылар қазан айының 30-ы күні Израил парламентінің алдында наразылық шеруіне шығуды жоспарлап отыр. Бұл шеруде құқық қорғаушылар Израил билігінен Мьянма әскерилерін қаруландыруын тоқтатуды талап етпек. Геноцидке ұқсас қырғын жасаған, этникалық тазалау жүргізген Руанда, Чили, Аргентина, Шри-Ланка, Сальвадор және Никарагуа елдерге де Израилдің қару сатып келгені белгілі болып отыр. "Бұл сауда мені және барлық израилдікті қылмыскерге айналдырып отыр, өйткені, олар біздің атымыздан жүргізіліп жатыр",- деп мәлімделі израилдік геноцид сарапшысы Яир Аурон.

0 пікір
Мұрағат