Израил палестиналықтардың арынын басу үшін ең қиямпұрыс, қитұрқы тәсілге көшті (видео)
Израил палестиналықтардың арынын басу үшін ең қиямпұрыс, қитұрқы тәсілге көшті (видео)
6 жыл бұрын 4044 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Міне, бірнеше күннен бері АҚШ билігінің Құдысты Израил астанасы деп тануына байланысты толастамай жатқан палестиналықтардың наразылық шерін басу үшін израилдік әскерилер құрық бойламайтын ең қимпұрыс, қитұрқы тәсілді қолдануға көшті. Нақтырақ айтқанда, палестиналық болып киініп, наразылық шеруіне шыққандар арасына қосылған жансыздар арқылы әрекет етіп жатыр. Оларды палестиналықтардан ажырату оңай емес. Алайда, олар әдетте топ-топ болып жүреді және өздерімен бірге жасырып қару алып жүреді. Осылайша наразылық шеруіне шыққандарды қолға түсіріп жатыр. Ал наразылық білдірушілердің қолында тастан басқа қару да жоқ. Сөз орайы келгенде айта кетейік, әлемдегі 57 мұсылман мемлекеті Құдысты Палестинаның астанасы деп таныды. Ислам ынтымақтастық ұйымы әлемнің мұсылман емес өзге елдеріне де Құдысты Палестина астанасы деп тануға үндеді. 

0 пікір
Мұрағат