Израил билігі полицияны арнайы жасақ қолданатын қарумен жарақтандырып жатыр
Израил билігі полицияны арнайы жасақ қолданатын қарумен жарақтандырып жатыр
7 жыл бұрын 2770 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бұл жайында "Решет Бет" деп аталатын радио торабы хабар таратты. Израилдің тәртіп сақшылары көп ұзамай өздері қолданатын Jericho тапаншасының орнына арнайы жасаққа арналған қарумен жарақтандырылады. Нақтырақ айтқанда, келесі аптадан бастап, Glock фирмасының тапаншаларын пайдаланады. Тәртіп сақшылары үшін осындай 3500 тапаншаға тапсырыс берілген. Полиция баспасөз қызметі хабарлағандай, 15 мың жаңа тапанша сатып алуға тендер ұтып алған. Өйткені, полиция өкілдері қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін табелді Jericho тапаншасы жарамайтынына шағымданған. Палестиналықтарды тұқырту үшін ойлап тапқан желеуіне әлем қауымдастығы сеніп отырған жоқ. 25 млн шекел тендерді ұтып алған "Эфрам"  компаниясы австриялық Glock тапаншасын импорттайды.

0 пікір
Мұрағат