ИЫҰ басшысы мәлімдеме жасады
ИЫҰ басшысы мәлімдеме жасады
10 жыл бұрын 3227

Ислам ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Ияд Мадани Нигериядағы «Боко Харам» экстремистік тобының оқушыларды ұрлап әкеткен әрекетін айыптады. Бұл туралы ашық мәлімдеме жасады.

Сондай-ақ, мұсылман ғалымдары да содырлардан оқушыларды дереу босатуды талап етіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында «Боко Харам» содырлары 130 жуық оқушы қыздарды мектептен ұрлап әкеткен. Оның алдында Нигерия үкіметі сол топтың беделді мүшелерін тұтқынға алған болатын. Топтың қазіргі мақсаты сол оқушы қыздарды қайтарып, топ мүшелерін босатып алу. Бірақ, үкімет бұл ұсынысты қабылдамай отыр.

Топтың қазіргі басшысы Абубәкір Шекау деген азамат. Олардың сөзіне қарағанда, оқушы қыздар Ислам дінін қабылдап, мұсылман болыпты. Қазір, құлшылықтарын да жасап жүрген көрінеді.

0 пікір
Мұрағат