Исламофобтардың шеруі қақтығысқа ұласты (фото)
|
Англиядағы Нюкасл елді-мекенінде өткен жұмада Еуропаның исламдануына қарсы "ПЕГИДА" ("Pegida") ультра оңшыл қозғалысының аса ірі шеруі өтті. Арты наразылық шеруіне шыққандар мен тәртіп сақшыларының арасындағы қақтығысқа ұласты. Кемінде жеті адам тұтқындалды. Наразылық шеруіне шыққандар жолындағы мұсылмандарды да аямаған. Бұл жайында «Ридус» ақпарат көзі хабар таратты. Айта кетейік, «ПЕГИДА» (Батыс елдерінің ислмадануына қарсы еуропалық патриоттар) қозғалысы – немістердің саяси қозғалысы. Оның іргетасы Дрезден қаласында Лутц Бахман есімді адамның бастамасымен қаланған болатын. Аталмыш қозғалыстың қатарында орта тапқа жататындар, нақтырақ айтқанда, еңбекшілердің қарасы көп. Негізгі мақсаты – Еуропаның иммиграциялық саясатына ықпал ету.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
СПИД-ке қарсы дәрі ойлап тапқан Йемендік ғалым, дін қайраткері Абдульмәжид Зиндани дүние салды
■
Араб шөлі көлге айналды (видео)
■
Киборг тарақандар пайда болды (видео)
■
Ашық ғарыш кеңістігінде скафандр (арнайы қорғаныш киімін) кимеген адамның қандай күйге ұшырайтыны көрсетілді (видео)
■
Бақсы-балгерлерге алты айға дейін қоғамдық жұмысқа жегу жазасы қолданылады