Исламға қарсы заң қабылданайын деп жатыр
Исламға қарсы заң қабылданайын деп жатыр
6 жыл бұрын 3873 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жвқын арада Чехияда көшеде намаз оқуға, жаңа мешіт салуға, т.б. тыйым салатын заң жобасы қабылдануы мүмкін. Бұл жайында «Известия» мерзімді басылымы "Бостандық және тура демократия" деп аталатын парламенттегі партияға сілтеме жасай отырып, хабар таратты. "Біз елімізге жергілікті халыққа өз салт-дәстүрін танғысы келетіндердің келуіне қарсымыз. Елімізге келгендер біздің тәртіпке бейімделуі тиіс. Сондықтан құлшылық ету үшін күн сайын жұмыстан қол үзуге жол бере алмаймыз",- деп мәлімдеді аталған партия атынан парламент депутаты болып сайланған Ярослав Голик. Айта кетейік, соңғы рет жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесіне бойынша аталған партия ел тұрғындарының 13 пайызға жетер-жетпесінің ғана қолдауына ие болған. Исламға қарсы заң жобасын қабылдау үшін олар елдегі өзге саяси одақтастар іздейтін болады. 

0 пікір
Мұрағат