Исламға жауығып, өзеннің атауын өзгертті
Исламға жауығып, өзеннің атауын өзгертті
6 жыл бұрын 3681 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі ел аумағындағы Нинся аймағында "тып-тыныш" ағып жатқан өзеннің тарихи атауын әй жоқ, шәй жоқ, өзгертті де тастады. Аталмыш өзеннің атауы арабша естілетіні болғаны үшін. "Айи" деп аталатын өзен жергілікті биліктің пәрменімен бұдан былай "Дианнонг" деп аталатын болады. Бас ал десе, шаш алатын қытай шолақ белсенділердің сөзіне қарағанда, Айи Айша (р.а.) есімді Пайғамбарлар падишасының (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) жарын еске түсіреді-мыс. Бұл жайында The Independent ақпарат көзі хабар таратты. Қытай билігі күннің көзін көлегейлегісі келетін бұлт сияқты исламның таралуына тосқауыл қоятын барлық амал-айланы қарастырып жатыр. 2013 жылы Нинсяда шетелдік атаудағы немесе шетелдік атауға ұқсас географиялық атауларға тыйым салатын заң жобасы қолданысқа енген болатын. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Нинся өлкесінде 2 млн мұсылман өмір сүріп жатыр. 

0 пікір
Мұрағат