ИСЛАМДЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ СОМАСЫ 3 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ ЖЕТПЕК
ИСЛАМДЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ СОМАСЫ 3 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ ЖЕТПЕК
7 жыл бұрын 3720 24.kz

2020 жылы әлемдік нарықтағы исламдық қаржыландыру сомасы 3 трлн теңгеге жетпек. Бұл – халықаралық сарапшылар болжамы.

Біздің елімізде исламдық қаржыландыру 2009 жылдан бері қолға алынған. Бүгінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласы Орталық Азияда көш бастап тұр. Қазір исламдық қаржыландыру жүйесі аясында несиелік екі қаржы ұйымы жұмыс істейді. Аталған қаржы институттарына сұраныстың артуына байланысты ауыл шаруашылығына берілетін несиенің пайыздық мөлшерлемесі азайтылмақ. Бұл туралы Алматыда өткен ауыл шаруашылығы мамандары және қаржы ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өткен жиында айтылды. Басқосуда отандық қаржыгерлер Түркияның экономикалық банкімен меморандумға қол қойды.

Никита Гупало, «Заман-Банк» Исламдық банкі» АҚ кеңесшісі:

- Ауыл шаруашылығын қаржыландыру деген, біріншіден, сақтандыру деген сөз. Өйткені бұл сала жыл маусымына, ауа райына тікелей байланысты. Сондықтан да қауіптің алдын алып, жұмысты әрі қарай жалғастыру үшін қаржыландыру қажет.   Нармұхан Сарыбаев, «Аграрлық несие копорациясы» АҚ басқарма төрағасы: - Жалпы республика бойынша банктерден алынған несиенің ауыл шаруашылығындағы үлесі өте аз. Бар болғаны жалпы соманың 5%-ын құрайды. Сондықтан да отандық қаржы институттарын да ауыл шаруашылығын дамытуға тарту керек. 

0 пікір
Мұрағат