Исламды қаралайтын фильмді ғаламтордан алып тастауға тыйым салды
Исламды қаралайтын фильмді ғаламтордан алып тастауға тыйым салды
9 жыл бұрын 2770

Сан-Франциско қаласының округтық аппелациялық соты «Google» трансұлттық корпорациясына «Мұсылманның пәктігі» атты исламды қаралауға бағытталған филмді сөз бостандығын желеу етіп, YouTube-де қалдыруына рұқсат берді. Осылайша үш алқа биден тұратын сот кезінде исі мұсылманның ашу-ызасын тудырған аталған фильмді ғаламторда қалдырып, осы фильмде ойнаған актер Синди Ли Гарсияның шағымын қанағаттандырды. Пайғамбарлар падишасын (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) әйелқұмар етіп көрсететін, жалаға толы бұл фильмді Марк Бэсли Юсуф есімді 55 жастағы АҚШ азаматы түсіргенін естеріңізге сала кетеміз. Ол осы фильмді түсірмес бұрын есірткі сақтап, таратқаны үшін үш рет абақтыға жабылған болатын. Сондай-ақ, бұл фильмнің түсірілуіне қасиетті Құран даналарын өртеумен аты шыққан пастор Терри Джонс та атсалысты. Бұл фильмнің көрсетілуіне экстремистік материал ретінде көптеген елдерде тыйым салынған.

0 пікір
Мұрағат