Исламды қабылдағысы келетіндерге анкета толтырту қажет пе?
Исламды қабылдағысы келетіндерге анкета толтырту қажет пе?
9 жыл бұрын 2808

Канададағы мұсылмандар жамағатының жетекшілері мешітке ислам дінін қабылдау үшін келетіндерге қатысты пікірі қақ жарылды. Имамдардың кейбіреуі олардың қандай мақсатпен ислам дінін қабылдағысы келетінін білудің артықшылығы жоқ деп есептесе, енді біреулері олардың иманға келу себебін білудің мүмкін еместігін және оны сұраудың өзі ыңғайсыз болатынын алға тартып отыр. Мұндай талас-тартыстың шығуына не түрткі болуы мүмкін? Ең алдымен терактілердің жиілеуі және кезінде қылмыстық іспен айналысқандардың немесе ақыл-есі ауысқандардың осындай қатерлі қадамға баруы үшін «ілік» іздеуі де мүмкін екені ескеріліп, қауіптің алдын алу мақсатында имамдар арасында осындай пікір қайшылығы туындаған болатын. Имамдардың кейбіреуі ислам дінін қабылдағысы келетіндерге анкета толтыртуды және оларды ислам дінін қабылдай салысымен өз бетінше жібермей, ислам ілімімен сусындату керек деп есептесе, енді біреулері оларды осы әрекетімізбен үркітіп аламыз деп қарсылық білдіруде. Бұл жайында The National Post ақпарат көзі хабар таратты. Естеріңізге сала кетейік, өткен айда Оттава қаласының Карлос және Эштон Лармонд есімді егіздерге терроризмге қатысы бар деген айып тағылған болатын. Олардың ислам дінін енді қабылдаған мұсылмандар болуы мүмкін екендігі де айтылмай қалмады.

0 пікір
Мұрағат