«Ислам да терроризмнің құрбанына айналды»
«Ислам да терроризмнің құрбанына айналды»
9 жыл бұрын 2937

Еуропалық одаққа мүше елдер мен Жерорта теңізінің оңтүстік жағалауындағы мемлекеттер бірігіп, ең алдымен терроризм қатерімен және заңсыз көші-қонмен күресуі керек. Барселона қаласында өткен ЕО елдерінің сыртқы істер министрлерінің Жерорта теңізінің оңтүстігіндегі мемлекеттердегі әріптестерімен ресми емес кездесуінде осылай мәлімдеме жасаған Испания премьер-министрі Мариано Рахой (Mariano Rajoy) «Ислам Еуропаға қарсы күрес жүргізіп жатыр деген әңгімеге тосқауыл қойылуы тиіс. Ислам да терроризмнің құрбанына айналған», - деп, соқырға таяқ ұстатқандай жаңсақ ұғымның ара-жігін ажыратып бергендей болды. Оның айтуынша, терроризммен күресудің бір тәсілі – экстремистік ұйымдардың қаржы көзін тауып, жолын кесу. Ең тиімдісі – халықаралық ынтымақтастықты нығайту.

0 пікір
Мұрағат