«Ислам атласы» жарық көрді
«Ислам атласы» жарық көрді
10 жыл бұрын 3898 Кітап мұқабасы

Францияда «Ислам атласы» атты кітап жарық көрді. Авторы – Анны-Лоры Дюпон. Аталмыш кітапта жалпы айтқанда ислам дінінің мәні мен маңызы, қадір-қасиеті жан-жақты сөз болған. Анна-Лора Дюпон – Париж университетінің оқытушысы, 19-20 ғасырлар бойынша араб әлемін зерттеген маман. «Ислам атласында» мұсылмандардың айтулы күндеріне сипаттама берілген, сонымен қатар, мұсылман әлемінің билеушілері жайында мәліметтер келтірілген. Сондай-ақ, Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан секілді мұсылмандар көп шоғырланған елдердің осы заманғы сипаты көрініс тапқан. Кітап авторы осы заманғы мұсылман жамағатының өмір сүру салтына обьективті тұрғыдан баға беруге тырысқан. Бұған қоса, түрлі дәуірде тұрғызылған және әр халықтың сәулет өнеріне қарай салынған мешіттердің ерекшелігін ашуға талпынған. Ең бастысы, қасиетті сапардың, яғни, қажылықтың феномені қарастырылған.

0 пікір
Мұрағат