ИСИМ содырларының қолынан 3500-ге жуық адам опат болды
ИСИМ содырларының қолынан 3500-ге жуық адам опат болды
2 жыл бұрын 866

Үстіміздегі жылдың сәуір айынан бері ИСИМ содырларының қолынан ұзын саны 3473 адам опат болған. Олардың 782-сі бейбіт тұрғындар. Лаңкестердің қолынан көктей солған балалар саны – 139, ал әйелдердің қарасы – 74. Ең сорақысы, елдің көзінше бейбіт тұрғындарды жазалау әлі де жалғасуда. Күннен күнге әлем жұртшылығының ИСИМ содырларының сорақы әрекеттеріне деген наразылығы күшейіп келеді. Жуырда Норвегияда ИСИМ-нің қатыгездігіне наразылық танытып, мыңдаған адам шеруге шықты. Ал Малайзияда премьер-министр Нәжіп Разақ ИСИМ-ді айыптап, мәлімдеме жасады. Ол өз сөзінде ИСИМ-нің шектен шыққаан әрекеті ислам үкімдері мен адамзат құндылықтарына қайшы келетінін тілге тиек етті. Ел премьерінің айтуынша, мұндай бассыздық азаматтық соғыстан титықтаған, қарулы қақтығыстан қажыған, мемлекеттік құрылымы шатқаяқтап тұрған, билік орындары қауқарсыздық танытқан. Ішкі қайшылық асқынған елдерде орын алады.  Осындай сәтті аңдып жүретіндерден сақтануға шақырды.

0 пікір