ИСИМ содырлары тарихи мешітті жарып жіберді
|

ИСИМ содырлары Шам жерінде VII ғасырдың алғашқы жартысында салынған екінші халифа Омар ибн әл-Хаттаб атындағы көне мешітті жарып жіберді. Бұл жайында «әл-Арабия» ақпарат көзі хабар таратты. Ирактың орталық бөлігінде орналасқан Ар-Рамади қаласынан 90 шақырым қашық жатқан Анбар провинциясындағы мұсылмандардың бұл құлшылық үйін қасиетті жұмада, яғни, ақпан айының 20-ы күні жарып жіберген. Ирактың туризм және сәулет ескерткіштері министрінің орынбасары Қайса Хұсейннің айтуынша, ИСИМ содырлары осы уақытқа дейін тарихи көне ескерткіш болып табылатын 28 нысанды жарып жіберген.
Мұрағат
Көп оқылғандар

■
АҚШ-тың құмырадан шығарған "жыны"...

■
Өзінің сұрықсыз өмірін 305 мың долларға сатып жіберді...

■
Саудия билігі "Таблиғи жамағаттан" төнер қауіпті атады (видео)

■
Ресей тәліптер қозғалысын террористік ұйым деп танудан бас тартуға дайын

■
Әлі күнге құл иеленушілер мен құлдар елі барын білесіз бе (фото)