ИСИМ содырлары иордан ұшқышын тірідей өртеп жіберді
ИСИМ содырлары иордан ұшқышын тірідей өртеп жіберді
2 жыл бұрын 942

ИСИМ содырлары тұтқынға түскен иорданиялық ұшқыш Муаз әл-Қасасбекті тірідей өртеп жіберді. 22 минутқа созылатын видеожазбаны ақпан айының 3-і күні Twitter әлеуметтік желісіндегі өздерінің аккаунтында орналастырған. Бұл жайында Agence France-Presse ақпарат көзі хабар таратты. Иорданиялық ұшқышты темір торға қамап, үстіне жанар-жағармай құйып, өртеп жіберген.

Жантүршігерлік бұл сұмдыққа жауап ретінде ақпанның 4-і күні Иордания билігі ИСИМ-нің алты лаңкесін жазалауға уәде берді. Олардың ішінде содырлар қолынан қаза тапқан ұшқышқа айырбастауға ұсынған жанкешті Сәжил әр Ришауи де бар.

Сөз арасында айта кету керек, Иордания әскери әуе күштерінің ұшқышы Муаз Сафи әл-Қасасбек 1988 жылдың мамыр айының 29-ы күні дүниеге келген. Ол Пайғамбарлар падишасы – Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) ұрпағы болып табылады. Оның үйленгеніне бар-жоғы алты ай ғана өткен болатын.

 

Видеожазба аталмыш әлеуметтік желіге шыққаннан кейін, яғни, бір сағаттан кейін алты лаңкес тұтқын өлім жазасы орындалатын Иорданияның оңтүстігіндегі түрмеге ауыстырылды. Ұшқыштың қазасынан кейін Иордания королі Абдалла ІІ АҚШ-қа ресми сапарын тоқтататуға мәжбүр болды. Теледидардан арнайы мәлімдеме жасап, терроризмге қарсы бірігуге шақырды.

Skynews Arabia ақпарат көзінің хабарлауынша, осы аралықта содырлар қолынан қаза тапқан ұшқыштың туып-өскен провинциясы – әл-Қарақта тәртіпсіздік орын алған. Қала тұрғындары Эй елді-мекеніндегі жандармерияның ғимаратын өртеп жіберді, сондай-ақ, әл-Мазар шаһарындағы үкімет кеңеселеріне от қойған. Ал Иордания астанасында мыңдаған адам наразылық шеруіне шықты. ИСИМ содырларының бассыздығына қарсы.

Иордания әскери әуе күштерінің ұшқышы Муаз әл-Қасасбек өткен жылдың желтоқсан айының соңында Сирияның Ракка қаласында ИСИМ содырларының қолына түсіп қалған болатын.

Baq.kz ақпарат көзінің хабарлауынша, Иордания билігі алдағы бірнеше сағат ішінде түрмеде отырған жанкешті әйел Сәжида әл-Ришауиді өлтіретінін мәлімдеді. Бұл қадамын олар кеше лаңкестер қолынан қаза тапқан ұшқыш Моаз әл-Кассабех үшін кек алу деп түсіндірді. Бұған дейінгі келіссөздер бойынша екі тарап тұтқындарды алмастыруы тиіс болатын. Дегенмен, ИСИМ содырлары кеше иордан ұшқышын тірідей өртеп жіберді. 

Бұған дейін Иордания қарулы күштерінің өкілдері өлтірілген ұшқыш үшін мемлекет міндетті түрде жауап қайтаратынын мәлімдеген болатын. "Олар Иорданияға қандай қайғы алып келсе, біз оларға одан да ауыр жауап қайтарамыз" деді полковник Мамду әл-Амери жергілікті телеарналардың бірінен. Сауд Арабиясының билігі иорданиялық ұшқышты тірідей өртеп жіберген ИСИМ содырларын «исламның қас жауы» деп жариялады. Ал Түркияның Сыртқы істер министрлігі қаза тапқан иорданиялық ұшқыштың туған-туыстары мен Иордания халқына көңіл айтып, ИСИМ экстермистерін қатаң айыптап, арнайы мәлімдеме жасады. Сондай-ақ, Ливан СІМ Иорданияға ИСИМ содырларымен бірігіп күресу үшін күш біріктіруге дайын екендерін мәлімдеді. 

0 пікір