ИСИМ-нің басшысының көзін құрту жоспары дайындалып жатыр
ИСИМ-нің басшысының көзін құрту жоспары дайындалып жатыр
9 жыл бұрын 3120 e-islam.kz.
 

Шешенстан президенті Рамзан Қадыров ИШИР лидері Әбу Бәкір әл-Бағдадидің көзін жою жоспарларын жария етті, - деп хабарлайды e-islam.kz.

ИШИР басшысының көзін жою жоспарлары

Қадыровың айтуынша, ИШИР басшысын қазір президенттің сенімді өкілдері іздеуде. Бірақ таба алар емес. "Бұл қанішерлердің басшысы, Бағдади деген біреу, бір ғана рет өз "уағызын" айтып, көрінді де, жоқ болды. Менің адамдарым оны іздеп жатыр. Бірақ жер жұтқандай, таптырар емес" деген Қадыров бұл топқа "ақша табуды көздеген шайтандар ортасы" деп баға берді. "Бағдади барлығын мойындап, ел алдында кешірім сұрау керек. Ол батыс пен Еуропаның тапсырмасымен, мұсылмандарды жаппай қыруға жіберілген адам" деген президент сол топқа барып қосылған кез-келген шешеннің тірі қалмайтынын ескертті. 

0 пікір
Мұрағат