ИСИМ көшбасшысының бұрын АҚШ-та тұтқын болғаны анықталды
ИСИМ көшбасшысының бұрын АҚШ-та тұтқын болғаны анықталды
10 жыл бұрын 4226

ИСИМ (Ирак Сирия Ислам мемлекеті) атты ұйымының көшбасшысы Әбу Бәкір Бағдади 2005-2009 жылдары АҚШ-та тұтқын болғаны белгілі болды.

Әбу Бәкір Бағдадидің Букка лагерінде 5 жыл жазасын өтегені туралы сұрақтың рас-өтірігін білуге талпынған америкалық БАҚ өкілдеріне АҚШ департаменті жауап бермеген. Сол атышулы топтың басшысы Әбу Бәкір Бағдадидің басына 10 миллион доллар тігіліп отыр. Оның түр түсін айқындайтын суреттері де таратылды. Бағададидің 4 жыл тұтқын болғаны расталғанмен, қалай тұтқыннан босап шыққаны туралы дерек жоқ. ФБР құжаттарында Бағдадидің 42 жаста екендігі, Иракта Тигр өзенінің жағалауында туылғандығы айтылған. Бірақ, оның алғашқы аты Мухаммед Әли әл-Бәдри болғандығы да көрсетіліпті. 

0 пікір
Мұрағат