ИСИМ-ді қаржыландыруға қарсы қарар қабылданды
ИСИМ-ді қаржыландыруға қарсы қарар қабылданды
9 жыл бұрын 2787

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі ИСИМ террористік тобын қаржыландыруға қарсы осы кеңестің тұрақты мүшесі Ресей Федерациясы әзірлеген қарарды қабылдады. Аталмыш құжат бойынша ИСИМ-мен сауда жасауға тыйым салынған. Бұл тыйымды бұзғандарға экономикалық санкция салынады. Reuters ақпарат ресурсы хабарлағандай, Қауіпсіздік кеңесі азамат соғысы шарпыған Сириядан алынған кез келген затты сатуға және сатып алуға тыйым салды, сондай-ақ, ИСИМ-нен және «әл-Каида» экстремистік қозғалыспен байланысы бар «Ан-Нұсра майданы» деп аталатын топтан мұнай сатып алғандарға экономикалық санкция салынатын болады. Бұған қоса, барлық елдің билігіне лаңкестер мен содырлардың қолына тұтқынға түсіп қалған азаматтарын босату үшін бодау бермеуге үндеді.

0 пікір
Мұрағат