ИСИМ әйелдерді де жиһадқа тартудың жолын тапқандай...
ИСИМ әйелдерді де жиһадқа тартудың жолын тапқандай...
9 жыл бұрын 4167

ИСИМ террористік ұйымы интернет арқылы әйелдерге бағытталған үгіт-насихат науқанын да жүргізе бастады. Әйелдердің «жиһадшылар» өміріндегі маңызды рөлі мен орнын айтып, тіпті бір-екі тамақ рецепін де жариялап үлгеріпті. Соның бірі құймақ рецепті болса, екіншісі де құрмадан жасалған сіңімді тағамның дайындалу жолы. Бұл жайында Russian Today ақпарат көзі жазып отыр.

Тіпті, бұл тағамдарды «Бір күндік соғыстан кейін жиһадшыларға ләззат сыйлау» деген мағынада жарнама да жасап қойған. Russian Today ИСИМ-нің соңғы кездері YouTube, Facebook, Twitter секілді әлеуметтік желілер арқылы әйелдерді «жиһадқа дайындау мәселесіне белсенді кіріскенін» жазады.

0 пікір
Мұрағат