Иранның теңіз өнімдері
Иранның теңіз өнімдері
5 жыл бұрын 2682 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иранның балық шаруашылығы ұйымы жетекшісінің орынбасары Хусейн Абдуллахи аталған елде жылына 447 мың тонна теңіз өнімдері өндірілетінін мәлім етті. Сондай-ақ, биыл бұл көрсеткішті 500 мың тоннаға жеткізетіндерін мәлімдеді. Оның айтуынша, бір ғана Каспи теңізінен аталған ел жылына 150 мың тонна теңіз өнімдерін алады. Айта кету керек, Иран теңіз өнімдерін өндіруде әлем бойынша 21-ші орында тұрған ел. Бұл салада аталған елде 70 мың адам жұмыс істеп, нәпақасын айырып жүр.

0 пікір
Мұрағат