Иранның криптовалютасы шығарылады
Иранның криптовалютасы шығарылады
5 ай бұрын 640 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Trend ақпарат көзі мәлім еткендей, Иранның ұлттық банк директоры Мұхаммед Реза Құсейнзаде Иранның "Пейман" деп аталатын ұлттық виртуалды ақшасының көп ұзамай айналымға шығарылатынын мәлімдеген. Бұл жауапты іске "Милли", "Меллат", "Парсиан", "Пасаргад" секілді аталған елдегі ірі банктер мен "Гогнус" жекеменшік компаниясы атсалысады. Ұлттық қаржы мекемесінің жетекшісі Мұхаммед Реза Құсейнзаденің айтуынша, электронды ақша алдымен сауда-саттық саласында қолданылады, содан кейін барып барлық салаға енгізіледі.  Иранның АҚШ санкциясын айналып өту үшін осы заманғы технологиялық мүмкіндіктерді барынша белсенді түрде пайдалануға көшкенін айтып өткенбіз. Суға кеткен тал қармайдының керін келтіріп. Десе де соңғы уақытта беделді сарапшылар мен "Касперский зертханасы" секілді танымал ұйымдардың болжамына қарағанда криптовалюта нарығының болашағы күмәнге толы. Бұл турасында кезінде жазғанбыз: "Криптовалюта нарығын не күтіп тұр" деген атпен. Толық мәтіні төменде (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/kriptovalyuta-narygyn-ne-kutip-tur-11173/#gsc.tab=0): 

"Каспер зертханасының" (компьютерлік вирустан, спамнан, хакерлік шабуылдан және өзге де кибер қауіп-қатерден қорғау жүйесін құруға маманданған халықаралық компания. Әлемнің 200 елінде қызмет етеді) мамандары алда келе жатқан 2019 жылы криптовалюта нарығын не күтіп тұрғаны турасындағы өзінің талдау әрі сараптамалық материалымен бөлісіпті. Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарында. Биыл криптовалюта талай адамның өміріне дендеп енгендіктен бұл сала кибер қарақшылары мен қылмыскерлерінің назарын өзіне аударып отыр. Әлем бойынша. Ол ол ма, соңғы уақытта электронды ақша талап ететін, жымқыратын, ұрлайтын, тонайтын программист бопсалаушылар шыға бастаған. Десе де 2018 жылың екінші жартысында криптовалютаның бағасы құлдырағандықтан оған деген жұрттың қызығушылығы азайып, тұтынушылар тарапынан сұраныс күрт кеміп кеткен. Бұл нарықта біршама капитал жинап үлгергендер мен брокерлердің табысы төмендеп кеткен. Осыған байланысты кибер қылмыскерлердің белсенділігі де бәсеңдеген. Бұл "жағымсыз тенденция" өз кезегінде келесі жылғы криптовалюта нарығына кері әсерін тигізбек. Бұдан бөлек, криптовалютадан өзге блокчейн технологиясының артықшылығы мен ерекшелігі және тиімділігі туралы ұғымның күлі көкке ұшуы мүмкін. Сарапшылардың сөзіне қарағанда, блокчейн технологиясының өзі емес, оған деген адамдардың сенімі мен көзқарасы аталмыш технологияның кейінгі кезде кеңінен қолданыла бастауына түрткі болған негізгі факторлардың бірі болды. Кейбір қаржы мекемелері мен сала мамандары блокчейннің қолдану аясының тар екендігін, яғни, аталмыш технологияның мүмкіндігі шектеулі екендігін алға тарта бастады. Көптеген  жағдайда басқа тәсілдермен оны қолдану өз-өзін ақтамаған да керек десеңіз. Оның қолдану аясын ұлғайтуға қатысты ізденіс пен тәжірибе келесі жылы тоқтатылатын болады. Ал криптовалютаны төлем құралы ретінде пайдалану сирейді. 
0 пікір
Мұрағат