Иранның діни лидері ИСИМ-ді қай мемлекеттердің құрғанын айтты
Иранның діни лидері ИСИМ-ді қай мемлекеттердің құрғанын айтты
2 жыл бұрын 1539

Иранның діни көшбасшысы Аятолла Әли Хаманей ИСИМ-ді АҚШ пен Англия құрғанын және мақсаттары сүнниттер мен шииттердің арасында алауыздық туғызу екенін айтты.

Шииттердің Қадыр Хум мерекесіне орай халық алдына шығып сөз сөйлеген Аятолла Әли Хаманей АҚШ пен оның одақтастарына қарата: «Америка, сионистер және елді бөлшектеудің шебері болған жауыз Англия үкіметі сүнниттер мен шииттердің арасында алауыздық тудыру үшін күш-жігерін салуда», – деді.

Ол АҚШ пен Англия Иранға қарсы күресу үшін және сунниттер мен шиттерді бір-біріне айдап салу үшін Әл-Қаиданы да шығарғанын айтып, ИСИМ де осы секілді бір өнімдері екенін тілге тиек етті.

Хаманей: «Болып жатқан оқиғаларды сараптап қарасаңыз, АҚШ пен одақтас мемлекеттері ИСИМ-мен күреспей, керісінше мұсылмандарды бөліп, араларында дұшпандық туғызу үшін әрекет етіп жатқанын түсінуге болатынын» айтты.

1 пікір
  • Allahim muslimandardi zhudiriktay birge boludi nasip et. Eger biz birge bolsak bukil alem biriksede zarar bere almas edi...
    2 жыл бұрын