Ирандағы президент сайлаудың қорытындысы жарияланды
Ирандағы президент сайлаудың қорытындысы жарияланды
7 жыл бұрын 2437 Baq.kz

Осыдан бірер сағат бұрын Иран Ислам Республикасында өтіп жатқан президент сайлау қортынды нәтижесі жарияланды. Қортынды нәтиже бойынша 23 млн қолдаушының дауыс беруі арқылы Хасан Рухани қайталай Иран президенті болып сайланды. Бұл туралы parstoday.com хабарлайды. 

Ирандағы президент сайлау қорытындысын сол елдің ішкі істер министірі Абдурреза Рахмани жария етті. Ол кезекті сайлауға 41 млн 200 мың ирандық дауыс бергенін, елдің осыған дейінгі президенті Рухани 23 млн 549 мың 616 сайлаушының қолдауымен қайталай президент болғанын мәлімдеді.

Ал сайлауға қатысқан өзге кандидаттардан Сейд Ибраһим Садат екінші орынды иелеп, 15 млн 786 мың 449 адам дауыс берген.

Үшінші орынға жайғасқан Мирсалим 478 мың 215 дауысты иелеген. Мостафа Һашеми Таба 215 мың 415 дауыспен төртінші үміткерлердің соңын қорытындылаған.

Иранның ресми ақпарат құралдарының хабарына қарағанда бұл реткі сайлауға 40 миллионнан аса Иран азаматтары қатысып, халық санының 70 пайызын иелеген.

0 пікір
Мұрағат