Иран Парсы шығанағындағы көршілерімен тату болғысы келеді
Иран Парсы шығанағындағы көршілерімен тату болғысы келеді
7 жыл бұрын 3260 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иран билігі. дәлірегі, ел президенті Хасан Рухани аймақ қауіпсіздігі үшін Парсы шығанағындағы көрші мемлекеттермен тату болғысы келетінін мәлімдеді. "Иран көршілес елдермен тату болуға басымдық беріп келеді. Біз ешуақытта өзге мемлекеттердің ішкі ісіне қол сұққан емеспіз және оларға діни және саяси көзқарасымызды таңған емеспіз",- деді ол мәлімдемесінде. Иран билігі аяқ астынан мұндай мәлімдеме жасауына не түрткі болды немесе қандай мүдде итермеледі? Иран билігі аймақ қауіпсіздігін алға тартқанымен, сарапшылар бұл сауалдың астарына бойлай алатын емес. Ядролық бағдарламасы үшін талай жылдан бері санкция астында қалса да тұрақтылығын жоғалтпаған, дәстүрі берік, тарихы тым арыда жатқан Иранның миллионға жуық әскері бар. Батыс елдері үшін оңай шағылатын жаңғақ емес Иранның Парсы шығанағындағы елдерге бәрібір үстемдігі байқалып тұрады. Десе де  аймақтағы қауіпсіздік мәселесінде түрліше позиция ұстануына байланысты Сауд Арабиясымен арасы жақсы емес. Солардың ішінде, Сирия және Йемен мәселелеріне келгенде екі елдің басы бірікпейді. Иран қайткен күнде де Парсы шығанағындағы елдермен тату болудан ұтпаса, ұтылмайды. Көрші үйдің өрттен аман болғанына ең алдымен көршісі мүдделі екенін айтып жатудың өзі әбестік болар еді. Десе де Иран көршілес елдермен тату болу арқылы әлем қауымдастығында ірі ойыншыға айналуы мүмкін. 

0 пікір
Мұрағат