Ирак күштік құрылымдары сүнниттерді азаптауда
Ирак күштік құрылымдары сүнниттерді азаптауда
10 жыл бұрын 2911

Халықаралық мәртебесі бар Human Rights Watch құқық қорғау ұйымының мәліметіне қарағанда, Ирактың күштік құрылымдары және шииттік полиция қызметкерлері сүнниттік тұтқындарды сотсыз-тергеусіз жазалап жатыр. Олардың дерегі бойынша шілде айының 9-ы күнінен бастап 255 сүнниттік тұтқынға заңсыз жаза қолданылған. Құқық қорғаушылар шииттік полиция мен күштік құрылым қызметкерлерінің тұтқындарды сотсыз-тергеусіз атып тастайтынын хабарлады. Бұл келеңсіздікке «адамзатқа қарсы әскери қылмыс жасалды және халықаралық құқықтың бұзылуы» деген баға берілді.

0 пікір
Мұрағат