Интерполға жаңа басшы сайланды
Интерполға жаңа басшы сайланды
5 жыл бұрын 4346

Қылмыстық полиция халықаралық ұйымының жаңа басшысы болып Ким Чон Ян сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұйымның Twitter-дегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Ким Чон Ян осы күнге дейін Интерпол президентінің міндетін атқарып келген еді.

«Корея Республикасының тумасы Ким Чон Ян алдағы 2 жыл бойы Интерполдың президенті қызметін атқарады», - делінген жазбада. Сайлау Интерполдың Дубайдағы 87-ші Бас ассамблеясы кезінде өтті. 

0 пікір
Мұрағат