Имамның үстінен шағым түсті
Имамның үстінен шағым түсті
2 жыл бұрын 807

Естеріңізде болса, Дели қаласының қақ ортасында ойып тұрып орын тепкен аса ірі Джама мешітіне төрт ғасыр бойы бір әулеттен имам тағайындалуы, яғни, осынау құзыреттің атадан балаға беріліп келе жатқаны турасында осыдан біраз күн бұрын хабарлаған едік. Пәкістан премьер-министрінің өзі қатысқан осынау салтанатты шараға Үндістан премьері Нарендру Модидің шақырылмағаны жайында да құлаққағыс еткенбіз өздеріңізге, құрметті оқырман. Осыған байланысты Джайпур қаласының полициясына Рафик Хан есімді жергілікті тұрғын имамның үстінен шағым түсірді. Имамның үстінен шағым түсірген адамның айтуынша, ол білдей бір елдің басшысына тиісінше құрмет көрсетпей, бүкіл әлем алдында үнділерді ұятқа қалдырды. Бұл жайында Hindustan Times ақпарат көзі хабар таратты. Полиция арызданушының шағымын қабылдап алды. Енді осы шағымның негізінде имамның үстінен қылмыстық іс қозғауы мүмкін.

0 пікір