Имам Нәуауидің қабірін белгісіз топ жарып жіберді (видео)
Имам Нәуауидің қабірін белгісіз топ жарып жіберді (видео)
2 жыл бұрын 2030

Белгілі ғалым, мухаддис имам ән-Нәуауидің қабірі Шам елінің оңтүстігіндегі Науа қаласында орналасқан. Бұл қала Башар Асадтың қарсыластарының қолына қазан айында өткен болатын. 

Ғұламаның қабірі өзі қайтыс болған уақыттан бастап 13-ғасырдан бері сақталып келеді. Жақында осы қабірді белгісіз топтың мүшелері жарып жіберген. Адам құқықтары жөніндегі Сирия обсерваториясының мамандары бұл Фронт ан-Нусра тобының әрекеті екенін алға тартып отыр. 

Муһи әд-Дин Әбу Зәкария ибн Шараф ибн Мурра ибн Һасан ибн Һусеин ибн Муһаммад ибн Джум’а ибн Һизам ән-Нәуәуи (араб.‏محيي الدين أبو زكريا يحيى بن شرف بن مري بن حسن بن حسين بن محمد بن جمعة بن حزام الحزامي الدمشقي النووي الشافعي ‎; 1233Нәуә — 1278, сол жерде) - Ислам ғұламасы, факих, мухаддис.

Ән-Нәуәуи мухаррам айында һижраның 631 жылы, Сирияның Нәуа ауылында дүниеге келген. Әкесі оның бойында жастайынан ілімге деген құштарлығын және махаббатын оятып, 649-шы жылы Дамаскқа апарып діни ғылымдарды үйрете бастайды.

655-ыншы жылдан бастап Ашрафия медресесінде мұғалім болады. Имам ән-Нәуәуи екі рет қажылыққа барады. Өмірінің соңында Қудс пен әл-Һалилге (Хеврон) жолы түскен.

Ол һижраның 676 жылының раджаб айында өзі туған ауылда ауырып қайтыс болады.

0 пікір
Мұрағат