ИМ лаңкестері мешіттер мен мазарларды қиратуда
ИМ лаңкестері мешіттер мен мазарларды қиратуда
10 жыл бұрын 4091

«Жер астынан жік шікті, екі құлағы тік шықты» демекші, өткен аптада Ирак және Сирия елдерінде «Ирак және Сирия Ислам мемлекеті» деп аталатын террорлық ұйымы бой көрсеткендігін хабарлаған едік (http://islam.kz/kk/news/alem/isim-qagbany-qulatamyz-307/). Енді топтың аты «Ислам мемлекеті» деп өзгертіліпті. Ол ол ма «Шаш ал десең, бас алатын» әлгі содырлар енді мешіттер мен мазарларды қиратуды бастапты. Алдымен олар Масул аймағын басып алып, одан Найнаваның шеткі аймақтарындағы сүннит-арабтардың ауданына қарасты төрт храм мен алты мешітті жермен-жексен етті. Суреттерден байқағанымыздай олар аталған ғимараттарды қиратуға бульдозер, одан қала берді жарылғыш заттар қолданған.

1 пікір
  • Алланың жердегі үйін қиратқан соң, ол патшағарлардан не күтеміз..... Дана халқымызда нақыл сөз бар: "Құдайдан қорықпағаннан қорық" деген
    10 жыл бұрын
Мұрағат