Илон Маск адам миына чип орнататын күннің жақын қалғанын мәлімдеді
Илон Маск адам миына чип орнататын күннің жақын қалғанын мәлімдеді
4 жыл бұрын 3860 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Осы заманның қаһарманына айналған Илон Маск 2016 жылы іртегасын қалаған, ми-компьютер интерфейсін құрастыратын Neuralink компаниясы өз технологиясын адамдарға қолдануға әзір екенін мәлімдеді. Бұл жайында АҚШ-тағы ең танымал подкаст авторы Джо Роган таяуда жариялаған Илон Маскпен арадағы сұхбатында айтылған. Tesla, SpaceX және Neuralink технологиялық компаниялардың негізін қалаған Илон Масктың айтуынша, алдағы бірер жыл ішінде коммуникациялық құрылғылармен байланыс құрып жұмыс істейтін чип-имплант адам организміне кіріктіріле бастайды. Ми жарақатынан зардап шеккен пациентке емдеу шарасы ретінде қолданып көреді. Десе де Илон Маск бұл бағытта алда атқарылар шаруа шаш-етектен екенін айта келіп, денсаулыққа теріс әсері жоқ, яғни, қандай да бір зақым келтіру қаупі жоқ құрылғыны адам миына кіріктіруді бастайтынын мәлімдеді. Яғни, мидың бұзылған қызметін қалпына келтіру мақсатында орнатылады. Neuralink жүйесі көру және есту қабілетін немесе қозғалыс функциясын қалпына келтіріп қоймай, сонымен қатар, ми ауруларын емдейтін болады.  Илон Маск болашақта Neuralink жүйесі негізінде адам мен жасанды интеллекті симбиозына айналатын компьютер мидың толыққанды интерфейсін жасауға бел байлап отырғандарын жеткізді. Оның айтуынша, мұндай интерфейс биологиялық миды «супер интеллектуалды» қондырма арқылы мәліметтердің көп мөлшерімен қамтамасыз етеді. Бұл жайт өз кезегінде адамның жасанды интеллекті мүмкіндіктерінен қалыс қалып қоймауына көмектеседі.

0 пікір
Мұрағат