Иесінің қарызы үшін қоян мен мысықты қамауға алды
Иесінің қарызы үшін қоян мен мысықты қамауға алды
9 жыл бұрын 4566

Ресейдің Краснояр өлкесіндегі Минусинск қаласында сот приставы иесінің қарызы үшін үй жануарларын қамауға алды. Бұл жайында nur.kz ақпарат көзі хабар таратты.

Федералдық сот приставтарының қызмет басқармасынан хабарлағандай, ер адам коммуналдық қызмет үшін 20 мың рубль қарыз болады.

Компания ер адамды сотқа берсе де, ол бірде-бір төлемақы жасамаған. Кейін сот шешімін орындату үшін приставтар ер адамның үйіне келіп, оның асыл тұқымды мысығы мен үй қоянын қамауға алады.

Кейінірек қарыз төленіп, жануарлар иесіне қайтарылды, деп жазады ресейлік БАҚ. 

0 пікір
Мұрағат